"Қателік – менен": әнші бұрынғы әйелі мен ұлы қабылдамағанын айтты
- авторОймақ
- Бүгін, 10:11
- 14
Эстрада әншісі Сәкен Қалымов бұрынғы отбасына қатысты жан сырын ақтарып, өткендегі қателіктерін мойындады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесі айтқандай, ол жуырда арнайы Астанаға барып, бұрынғы жұбайы мен баласының алдынан өтіп, сөйлесуге талпынып көрген. Алайда бұл әрекеті нәтиже бермей, Сәкен өзі күткендей қабылданбағанын жасырмады.
Әнші сол уақыттағы өмір салтының өзіне үлкен сабақ болғанын мойындап отыр.
«Алдарынан өтейін деп Астанаға іздеп бардым. Жарымды да, баламды да кінәлай алмаймын. Қателік – менен. Ол кезде жеңілтек өмір сүрдік, басқаша орта болды. Серілік құрып жүрген кезең еді, көп дүниеге атүсті қарадық. Әрине, мені құшақ жая қарсы алады деп барған жоқпын. Бірақ тіл табыса алмадым. Мені қабылдамады. Бұйырған күні бәрі реттеледі деп үміттенемін», – деді әнші.
Әнші барлық кінәні өзіннен көріп, бір күні байланыстардың қайта қалпына келетініне үмітті екенін де жеткізді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






