бейсенбі, 20 қараша, 2025 15:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда азаматтардың рұқсатынсыз фотоға не видеоға түсіруге тыйым салынады

Қазақстанда азаматтардың рұқсатынсыз фотоға не видеоға түсіруге тыйым салынады
freepik
Бұл туралы министр айтты.

Қазақстанда адамдарды олардың келісімінсіз фотоға және видеоға түсіруге тыйым салу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, бастаманың мақсаты – азаматтардың жеке өмірін қорғау. Қазір кез келген адамды қоғамдық орындарда жасырын немесе рұқсатсыз түсіріп, әлеуметтік желіге жариялау кең тараған.

«Бұл бастама – шенеуніктерді қорғау емес, қарапайым адамдардың жеке кеңістігін сақтау туралы. Азаматтар өздерін пранкерлер жасырын түсіріп, әдепсіз әрекеттерге итермелейтінін айтып, жиі шағынады. Кейбірі тіпті үйінен шығуға қорқатынын айтады», – деді Аида Балаева.

Оның сөзінше, бұл мәселені шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып жатыр. Топқа БАҚ өкілдері мен заңгерлер де тартылады. Олар кімді, қашан және қандай жағдайда түсіруге болатынын анықтайтын нақты ережелерді дайындайды.

Журналистердің бұл бастама шенеуніктердің сынынан қорғау үшін жасалып жатыр деген ескертуіне министр:

«Бізде онсыз да жеке өмір деген ұғым жоқ, барлық жақта түсіреді. Бұл мәселе шенеуніктерге емес, қоғамдағы тәртіпке қатысты», – деп жауап берді.

Балаева қосымша түсіндіргендей, ұсынылып отырған өзгерістер «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға енгізілуі мүмкін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар