дүйсенбі, 10 қараша, 2025 18:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Күйеуімнің кінәсі жоқ": хуторлық басшысы деп танылған Қасымбаевтың әйелі үндеу жасады

"Күйеуімнің кінәсі жоқ": хуторлық басшысы деп танылған Қасымбаевтың әйелі үндеу жасады
фото: ашық дереккөз
Тергеу барысында ол ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды деген күдікке ілінген.

Бүгін Талғар аудандық сотында атышулы хуторлық Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Айыпталушыға және тағы бес сотталушыға қатысты сот үкімі шығуы керек, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бүгін сотталушылар соңғы сөзін айтуы тиіс. Десе де,  «Хуторлықтар» басшысы деп танылған Қасымбаевтың ағайын-туысы Президентке бейнеүндеу жолдап, істің әділ қаралуын сұрап отыр. Олардың айтуынша, айыптаулар тек жәбірленушілердің куәліктеріне негізделген. 

«Күйеуімнің еш кінәсі жоқ. Оны үйде үш баласы күтіп отыр. Егер әділ шешім шығармаса, дәл осы жерде өзімді өртеймін», - деді Қасымбаевтың жұбайы Зульфия Қасымбаева.

Тергеуге сәйкес, 2021 жылы Қасымбаев аралас жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімовті ұрлап, оны аяусыз ұрып-соққан. Сондай-ақ оған тағы бір айып тағылып отыр: 2016 жылы Аюпжан Тәжиевке жасалған шабуылдың басында Қасымбаев тұр. 

Еске сала кетейік, тергеу материалдарына сәйкес, 2021 жылы Қасымбаевтың тапсырмасымен оның серіктері ММА жаттықтырушысы Арман Әлімовті ұрып-соғып, күштеп көлікке салып әкеткен. Ашық далада оны соққыға жығып, салдарынан жәбірленуші ауыр жарақат алған. Сонымен қатар айыптау қорытындысында Қасымбаев пен оның серіктері кәсіпкер Әріпжан Тәжиевті соққыға жығып, одан бизнесін жалғастыру үшін 1 миллион теңге талап еткені көрсетілген.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Қасымбаевқа 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сондай-ақ айыпталушылардан жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге моральдық өтемақы өндіруді ұсынған.

Жалпы, Хасан Қасымбаев 2024 жылдың қарашасында қамауға алынған. Тергеу барысында ол ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды деген күдікке ілінген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар