дүйсенбі, 10 қараша, 2025 21:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы мен Астанадан Гоаға ұшақ қатынайтын болады

Алматы мен Астанадан Гоаға ұшақ қатынайтын болады
фото: ашық дереккөз
Турпакеттердің бағасы мен брондау бойынша ақпаратты туристік агенттіктерден алуға болады.

FlyArystan әуекомпаниясы қазақстандық жетекші туроператорлармен бірлесіп, Алматы және Астана қалаларынан Солтүстік Гоа бағытына чартерлік бағдардамаларды іске қосады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Рейстер жаңа жыл мен қысқы туристік маусымға орай ұйымдастырылып, қазақстандықтарға мерекелік кезеңді Үнді мұхитының жағалауында өткізуге мүмкіндік береді.

Чартерлік бағдарлама кестесі:
– Алматы – Гоа – Алматы бағыты бойынша 2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап, сәрсенбі және жұма күндері;
– Астана – Гоа – Астана бағыты бойынша 2025 жылғы 30 желтоқсаннан бастап, сейсенбі күндері орындалады.

Рейстер Манохар халықаралық әуежайына (Manohar International Airport, GOX) қонады. Заманауи инфрақұрылым мен танымал курорттарға ыңғайлы орналасуы туристерге жайлы демалыс пен жеңіл логистика ұсынады.

Компанияның мәліметінше, бұл бағдарлама қазақстандықтардың қысқы маусымда Гоаға демалуға деген тұрақты қызығушылығының және танымал туристік бағыттарға тікелей рейстерге сұраныстың артқанын көрсетеді.

FlyArystan саяхатшыларға бағыттың атмосферасымен танысып, сапарды жоспарлау бойынша кеңестер алу үшін Low-Cost Travel айдарының жаңа шығарылымын YouTube арнасынан көруге кеңес береді.

Турпакеттердің бағасы мен брондау бойынша ақпаратты туристік агенттіктерден алуға болады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар