жұма, 22 қараша, 2024 14:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

45 жастағы құтқарушы қайтыс болды

45 жастағы құтқарушы қайтыс болды
Фото. СҚО ТЖД
Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысынан су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген

Солтүстік Қазақстан облысында әріптестеріне су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге көмектесуге келген 45 жастағы құтқарушы қайтыс болды, - деп хабарлады СҚО ТЖД.

 

"2024 жылғы 2 сәуірге қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қаласы аудандық ауруханасы реанимация бөлімінде 1978 жылы туған, Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайран ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Қуанышұлы Балданов қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысынан су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген.

"Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген. 1 сәуірде кешке өзін нашар сезініп жатқанына шағымданып, ауруханаға түсті. Ол Петропавл қаласына санавиация көмегімен ауруханаға жатуға дайындалды.

Төтенше жағдайлар министрлігі, Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар