сәрсенбі, 29 қазан, 2025 21:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында кедейлік деңгейі ең төмен мемлекет атанды

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында кедейлік деңгейі ең төмен мемлекет атанды
Фото: fedpress.ru
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде ең төмен кедейлік деңгейі бар мемлекеттердің қатарында. Our World in Data зерттеуіне сәйкес елімізде күніне үш доллардан аз табыспен өмір сүретіндер үлесі небәрі 0,04% болды, деп хабарлайды Оimaqnews.kz Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап.

Our World in Data зерттеушілерінің мәліметінше, Қазақстан аймақтағы кедейліктің ең төмен деңгейі бар елдердің бірі болып саналады. Бүгінде әлем бойынша 817 миллион адам кедейлік жағдайында өмір сүріп жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 125 миллионға артық. ЕАЭО елдерінің ішінде Қазақстан кедейлік деңгейі ең төмен мемлекеттердің бірі атанды.

Сарапшы Бекнұр Қисықовтың айтуынша, әлемде кедейлер саны артқанымен, бұл халықтың тұрмысы нашарлағанын емес, есептеу әдістемесінің өзгергенін көрсетеді.

"Бұрын Дүниежүзілік банк кедейлік шегін күніне 2,2 немесе 2,5 доллар деңгейінде белгілейтін. Қазір бұл көрсеткіш 3 долларға дейін көтерілді. Яғни, кедейлер санының артуы нақты өмірдің нашарлауынан емес, әдістемелік өзгерістерден болып отыр", – деді қаржы сарапшысы Бекнұр Қисықов.

Зерттеу нәтижесінде Орталық Азия мен ЕАЭО елдерінің ішінде кедейліктің ең жоғары деңгейі Тәжікстанда тіркелсе, ең төмен көрсеткіш Ресей мен Қазақстанда байқалған, бар болғаны 0,04%. R-Finance қаржы кеңесшісі Арман Байғанов бірдей кедейлік шегін қолдану әр елдің нақты экономикалық жағдайын толық бейнелей алмайтынын атап өтті.

"Бұл есептеу әдісі доллармен жүргізіледі, ал әр елде доллардың сатып алу қабілеті әртүрлі. Мысалы, Үндістанда үш долларға бір қап картоп сатып алуға болса, бізде сол ақшаға екі-үш есе аз алуға мүмкіндік бар", – деді Арман Байғанов.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бүгінде Қазақстанда шамамен 1 миллион адам ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыспен өмір сүреді. Кедейлік шегінен төмен өмір сүретіндердің басым бөлігінде көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты азаматтар бар.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар