
Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Істі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина қарап жатыр. Прокурор 2 сағаттан астам уақыт бойы Яна Легкодимова мен күдікті Ризуан Хайыржановтың өткен жылдың қыркүйегінде бір-біріне жазған хабарламаларын оқыды. Олар хабарламалары арқылы араларындағы қарым-қатынасты талқылап, түрлі тақырыпта сөйлескен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
/Хабарламалар орыс тілінде жазылған, қазақшаға аударылды/
Р: сен менен не қалайсың?
Я: Мен сенімен ұрысқым келмейді.
Р: Қысым көріп жатқандықтан ұрысты бастап отырғанымды мойындаймын.
Я: түсінемін.
Р: Сенде логика бар ма?
Я: қолымнан келер емес.
Р: 24/ 7 байланыстамын. Сені блокқа салған жоқпын. Сені «истерикаға» жеткізбеймін. Саған жақсы болсын деп уақытты созып келемін.
Я: Мен бұлай жүргім келмейді. Мұның бәрі ашуымды келтіреді, маған тек ауыр болады.
Р: Сонда сен менен не қалайсың?
Яна стикер жібереді.
Р: тым болмаса қысым көрсетпеші
Я: сен әлі өлгі4 келе ме? Мүмкін өле саларсың?!
Р: кел де мені өлтір
Я: сен шыдай алмайсың ғой, менің күшім де көп емес
Р: Жәй ғана мені ула, шырын бер де кетуіме мүмкіндік бер. Кейін мен жол апатына түсейін. Ешкім ештеңе түсінбей қалады.
Я: жоқ!
Р: егер істей алмасаң, айтудың қажеті жоқ
Ал мына хабарламалар 30 қыркүйекте жазылған.
Я: Сен қандай болсаң да қабылдаймын және сыйлаймын.
Р: Ага. Бәрібір түсінбедім.
Яна стикер,фото жібереді.
Я: Мені жұмыстан кейін күтіп аласың ба?
Р: неге?
Я: Жәй ғана күте алмайсың ба?
Р: Жәй ғана күте алмаймын.
Я: Неге? Қалыңдығына барасың ба?
Р: сұрауды бастадың ба?
Я: жәй ғана сұрағым келді
Р: сұрап қажет емес
Яна стикер жібереді
Я: ештеңе?
Р: иә
Айыпталушылар - Ризуан Хайыржанов пен Алтынбек Катимов. Яна Легкодимова мен Ризуан Хайыржанов жақын қарым-қатынаста болған. 2024 жылдың 18 қазан күні екеуінің арасында келіспеушілік болған. Тергеуге сүйенсек, күдіктілердің бірі қызды көлікте тұншықтырып өлтірсе, екіншісі есікті жауып тұрған. Кейін айыпталушылар Янаның денесін Жайық өзеніне ағызып жіберген. Оның денесі 2025 жылдың маусымында ғана табылды.
22 қазан күні түске дейін болған сот отырысынан кейін марқұмның анасы пікір білдірді. Ол айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыру керек деп есептейді.
«Мен екі жігіттің арасындағы хабарламаларды көрмегенше қызымның өлімі абайсызда, ұрыс кезінде немесе агрессияның, ішімдіктің салдарынан болған шығар деген сан түрлі ой болды. Олардың сөздерін көрген полиция қызметкерлері де, криминалистер де өз көздеріне сенбеді. Өлім жазасы рұқсат етілсе олардың іс-әрекеттері осы жазаға лайық дер едім. Өкінішке қарай, біздің елімізде өлім жазасы жоқ. Сондықтан, кінәлілер өмір бойына бос бостандығынан айырлуы тиіс. Бәрінің баласы бар. Ешкім осылай өлтірсін, қинасын деп баланы дүниеге әкелмейді. Яна – менің жалғыз қызым еді», - деді Янаның анасы Галина Легкодимова.
Яна Легкодимова 2001 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Атырау мұнай және газ университетін үздік бітіріп, инженер-әзірлеуші болып жұмыс істеген. Анасының айтуынша, марқұм «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясында қызмет етуді мақсат еткен. Айта кетейік, осыған дейін айыпталушылардың арасындағы хабарламалар оқылған еді. Ендігі сот отырыстарында күдіктілердің жауаптары тыңдалмақ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Елдос Сметов өзіне сыйға берген көлікті сатуға қойды
Ұқсас жаңалықтар
15 жастағы қыз жүкті болып қалған: істі қараған полицейлер тексеріледі
- авторОймақ
- 22 қазан, 2025