«Тұрақты мемлекеттік сатып алуды» енгізу – ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауға бағытталған – Ескендіров
- авторОймақ
- 4 сәуір, 2024
- 377
Осы заң жобасы бойынша депутат Мұқаш Ескендіров мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне байланысты ескертулер өңірлерде жиі қойылатын сұрақтардың бірі екенін айтты.
– Бұл мәселе кәсіпкерлер мен әкімшілерді алаңдатады, ал шешім болмаған жағдайда адамдардың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Ұзақ құрылыс, сәтсіз конкурстар, ұзақ және шулы сот процестері ауруханаларды күрделі жөндеуге, жаңа мектептер салуға, әлеуметтік қызметтер көрсетуге мүмкіндік бермейді. Кейде, уақтылы және сапасыз өткізілген конкурстар маңызды инфрақұрылым нысандарының жұмысын тежейді, – деді М.Ескендіров.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасы Мемлекет басшысының мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатымен әзірленді.
Жобаның маңызды жаңашылдықтары:
- конкурстардың бағалық емес критерийлерін көздейтін сатып алынатын тауарлардың сапасын арттыру жөніндегі нормалар;
- мемлекеттік ақпараттық жүйелердің объективті деректеріне негізделген өнім берушілердің рейтингін бағалаудағы тәсілдерді өзгерту;
- жеткізушілер мен әкімшілердің жауапкершілігін арттыру;
- шағымдану рәсіміне өзгерістер енгізу;
- мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімін екі есеге қысқарту;
- отандық тауар өндірушілерді қолдау және мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамтуды арттыру бойынша айтарлықтай шаралар пакеті.
Оның ішінде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға негізделген «Тұрақты мемлекеттік сатып алу» институтын енгізу ұсынылады.
«Тұрақты мемлекеттік сатып алуды» енгізу – ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауға, отандық өндірушілерді, сондай-ақ мүгедек адамдарды қолдауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.
Депутаттар сондай-ақ жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталған қосымша нормаларды ұсынды. Ұсыныстардың бірі бойынша оффтейк келісімшарттары бойынша өндірілетін өнімді бір көзден сатып алуға болады.
Өңірлік жеткізушілерді қолдау үшін депутаттар қосалқы мердігерлік жұмыстар көлеміне 30% лимит белгілеуді ұсынды.
Мемлекет тарапынан тұрақты сұраныс есебінен отандық өндірісті қолдау өнім сапасын арттыру үшін ғана емес, ұлттық экономиканы дамыту үшін де маңызды.
Заң жобасы бойынша жұмыс екінші оқылымға дейін жалғасады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.