Астанада әйелін аса қатігездікпен өлтірді деген күдікпен ұсталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін қазылар алқасы мен қатысушылар Салтанат Нүкенованың ұялы телефонын зерттей бастады.
Сот отырысында Нүкенованың ұялы телефонындағы медиафайлдарды көрсетіп жатыр.
Нүкенова Бишімбаевты телефонына «Махаббатым» деп сақтаған.
Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевтан: "Нүкенованың телефонында жазылған бұл сіздің нөміріңіз бе?" деп сұрады. Бишімбаев өзінің нөмірі екенін растады.
Бишімбаевтың қорғаушысы Нүкенованың смартфонындағы барлық медиафайлдарды көрсетуді сұрайды Алайда, жәбірленуші тарап, Айтбек Амангелді айтқандай, бұл «Салтанаттың жеке өміріне қатысты» болғандықтан қарсы.
«Бишімбаевтың ұялы телефонының құлпын ашыңыз да, сол жердегі файлдарды қараңыз», - деді Айтбек.
Адвокат Жанна Оразбақова Амангелдіні қолдап, «сотталушы Бишімбаев Салтанат қайтыс болғаннан кейін кейбір файлдарды бұрын өшіріп тастауы мүмкін» дейді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.