«Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары қарашада басталмақ
- авторОймақ
- Бүгін, 12:33
- 24

Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.
«Соңғы аптада азаматтарда ипотека рәсімдеу бойынша қиындық туындап жатқаны бәріңізге мәлім. Сол себепті халыққа баспана қолжетімді болу үшін тағы бір керемет жаңалық. Қараша айында «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары басталады. Қазір біз ойлап отырмыз, жаңа конкурс өткізу жайлы. Немесе наурыз айында өтініш жасаған адамдарды жаңадан шақыруымыз мүмкін», – деді Ләззат Ибрагимова
Айта кетейік, 17 қарашада үкімет жеңілдетілген ипотека көлемін екі есеге – 500 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Соның аясында «Наурыз», «Наурыз жұмыскер» және әскери баспана бойынша ипотекалық бағдарламалар қайта басталады.
«Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағыты бойынша өтінім қабылдау бірінші рет осы жылы наурызда басталған еді. Бағдарламаның шарты бойынша толығырақ мына жерден біле аласыздар.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.