жұма, 17 қазан, 2025 15:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атырауда 7 жастағы қызды зорлап өлтірген күдікті өмір бойына сотталды

Атырауда 7 жастағы қызды зорлап өлтірген  күдікті өмір бойына сотталды
istockphoto.com
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында кәмелетке толмаған баланы зорлау және кәмелетке толмаған баланы қасақана өлтіру бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың маусым айында Құлсары қаласында 7 жастағы қыз бала Құрсай өзенінің жағалауында серуендеп жүріп, үйіне қайтып бара жатқанда адасып кетіп, жолда сотталушы У.-ны кезіктірген.

Сотталушы У. алкогольдік масаң күйде болып, оған үйіне баратын жолды көрсететінін айтып алдаған, өзімен бірге жүруді ұсынған.

Қызды жаңылыстырып, оны өзен жағасына апарып, дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып, зорлаған.

Жасаған қылмысын жасыру мақсатында ол баланы ұрып-соғып, кейін өзенге батырып жіберген.

Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, бейнежазбалармен және сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді.

Сот үкімімен У. тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар