сейсенбі, 14 қазан, 2025 13:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

17 жастағы жігіт құрылыс алаңында қаза тапты

17 жастағы жігіт құрылыс алаңында қаза тапты
Коллаж Qaz365.kz
Анасы әділ тергеу жүргізуді талап етіп отыр.

Астанада құрылыс нысанында жұмыс істеп жүрген 17 жастағы студент қаза тапты. Бұл туралы марқұмның анасы, Қызылорда қаласының тұрғыны Айгүл Жұбанова әлеуметтік желіде жариялаған бейнеүндеуінде мәлімдеді.

Айгүлдің айтуынша, ұлы Ерсұлтан Мүбәракұлы – теміржол колледжінің 3-курс студенті, грант иегері болған. Ол демалыс кезінде аздап табыс табу үшін «ҚазПолимерСтрой» компаниясына қарасты құрылыс алаңында уақытша жұмыс істеуге шыққан.

«Ұлым маған: «Анашым, «ҚазПолимерСтрой» су құбырын тартып жатыр, траншея қазғандарға күніне 12 мың теңге төлейді. Балалар жұмыс істеп жүр, мен де барайын» деді. 24-і күні таңертең жұмысқа кетті. Түсте хабарласып, «телефонымның қуаты таусылғалы тұр, алтыға қарай үйге барамын» деді. Ал кешкі сағат 18:11-де маған учаскелік полиция қоңырау шалып, «сіздің ұлыңыз Ерсұлтан Мүбәракұлы ма?» деп сұрады. «Иә» дегенімде, ол «Сіздің балаңыз қаза тапқанын айтты», – деп көз жасын тыя алмай еске алды анасы.

Айгүл Жұбанованың сөзінше, ұлының компаниямен ресми еңбек шарты болмаған және оған еңбек қауіпсіздігі ережелері де түсіндірілмеген.

«Бұл –  17 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ірі компания. Бірақ кеше кран жүргізушісі мен КамАЗ жүргізушісінен есірткі табылған. Есірткі пайдаланған адамдарды жұмысқа қалай жібереді? Еңбек қауіпсіздігі қайда? Неге кәмелетке толмаған баланы жұмысқа алған?» –  дейді ол ашынып.

Марқұмның анасы прокуратурадан, Ішкі істер министрлігінен және ел президентінен әділ тергеу жүргізуді сұрайды.

«Мен көмек сұраймын – прокуратурадан, ІІМ-нен, Қасым-Жомарт Кемелұлынан. Осындай компаниялар енді жұмыс істемесін. Тағы қанша бала құрылыс басында өлуі керек? Бұл кәсіпорындар бәрін ақшамен шешеді. Егер мені қолдайтын ата-аналар табылса, петиция бастаймын», – деді ол.

Айгүлдің айтуынша, кран көтерген бетон плита Ерсұлтанды басып қалған. Тергеу 20 күнге жуық уақыт бойы жүріп жатқанына қарамастан, қажетті айғақтар алынбаған, іс баяу тергеліп жатыр.

Қайғылы оқиға болған құрылыс нысаны –  Астана қаласы, Нұра ауданы, Е-128 көшесінде орналасқан «ҚазПолимерСтрой» және «Elizar Astana» компанияларына тиесілі.

Марқұмның анасы тергеудің Астана қаласы Полиция департаменті басшысы мен Бас прокурордың қатаң бақылауында болуын талап етті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар