дүйсенбі, 13 қазан, 2025 19:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей алады

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей алады
Әлеуметтік желі
Ол тігін ісімен айналысуға мүмкіндігі бар.

Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков ведомство кулуарында Перизат Қайраттың жазасын өтеу барысы мен оның жұмыспен қамтылу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Абай Қайырбековтің айтуынша, кез келген жұмыс белгілі бір біліктілікті талап етеді.

Біз ең алдымен оның жұмысқа орналасуына лайық бос орындарды қараймыз. Егер тиісті кәсіби біліктілігі жетіспесе, арнайы оқыту немесе кәсіби даярлық курстарын ұйымдастырамыз, – деді ол.

Журналистердің «оқу үшін оларды мекемеден шығара ма?» деген сұрағына Қайырбеков:

Колледж немесе қысқа мерзімді курстарды тікелей мекеме базасында ұйымдастырамыз. Олар мекемеден тыс жерге шықпайды, – деп жауап берді.

Комитет басшысының айтуынша, Перизат Қайрат басқа сотталғандар секілді тігін ісімен айналысуға немесе шаруашылық бөлімінде түрлі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алады.

Жұмыстың түрі көп. Еңбекақы көлемі де атқарылған жұмыс көлеміне қарай белгіленеді. Ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге, оны сотталғандар толық алады, – деді Абай Қайырбеков.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар