бейсенбі, 9 қазан, 2025 13:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Айгүл Иманбаева қуанышты жаңалығын бөлісті

Айгүл Иманбаева қуанышты жаңалығын бөлісті
instagram.com/aigul_imanbayeva
Ол жақында немерелі болды.

48 жастағы қазақстандық актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті – ол екінші рет әже атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Қуанышты жаңалық, достар! Қос немеренің әжесі болдым! Айсұлу – Айсұлтан! - деп жазды Айгүл Иманбаева Instagram Stories-інде.

Ол сондай-ақ перзентханадан жаңа туған немересімен түскен алғашқы суретін де көрсетті. Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева былтыр тұрмысқа шыққан болатын. Оның жары он жылдан астам уақыт АҚШ-та өмір сүрген, екеуі сол жақта танысқан.

"Енді мен – найманның келінімін", - деген еді актриса күліп.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар