"Әйелінің сөзіне еретін еркектер көп": Мереке Қалбаева жылап қалды
- авторОймақ
- Бүгін, 19:52
- 14

Белгілі әзілкеш Мереке Қалбаева “Ыстық ұя” фильмін көріп жылап қалды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
”Қатынның сөзіне еріп кететін еркектер өте көп. Дәл осы жағдайды кинода емес, өмірде көргенмін. “Бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер” деген рас. Маған ең ұнамағаны үлкен ағасы (фильмдегі кейіпкер туралы). Сондай адамдар өте көп. Ата-ананың қадірін осы тірі кезде білген дұрыс деп ойлаймын”, — деді әзілкеш.
Естеріңізге сала кетсек, Дариға Бадықова продюсерлік еткен “Ыстық ұя” фильмі бауырлардың араздығы және қара шаңыраққа талас туралы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Қоянбаев пен белгілі журналист Әділ Балтабаев арасында дау туды
- авторОймақ
- 1 қазан, 2025