жұма, 3 қазан, 2025 15:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Димаш Құдайберген Нью-Йоркке ұшып келді

Димаш Құдайберген Нью-Йоркке ұшып келді
instagram.com/kudaibergenov.dimash
Ол 5 қазанда жеке концертін өткізетін болады.

Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркке ұшып келді. Ол 5 қазанда әйгілі Madison Square Garden сахнасында «Stranger» атты жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Әртісті жанкүйерлері Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда ерекше ықыласпен қарсы алды. Димаштың Instagram парақшасында жарияланған видеода оның тыңдармандары гүл, сыйлық, плакаттар алып келіп, сүйікті әншілерінен қолтаңба алуға асыққаны көрінеді. Әуежайға кішкентай көрермендер де келіп, сүйікті өнерпаздарын қуана қарсы алды.

Ыстық ықыластарыңызға алғыс айтамын, – деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жанкүйерлер де өнер иесіне жылы лебізін білдірген:

«Біздің арамызда мұхит пен қашықтық қана бар, ал қалғанын сенің дауысың жақындатады! Ұлы шоуыңды асыға күтеміз».

«Бұл кеште Нью-Йорк әуежайы Димаш есімін ұрандатқан махаббат пен қуаныш теңізіне куә болды».

«Шаршағанына қарамастан, ол әр жанкүйеріне көңіл бөліп, қуаныштарын бірге бөлісті. Сол үшін біз оны ерекше жақсы көреміз».

«Бүкіл әлем өз сүйікті кумирін асыға күтіп отыр! Нью-Йорктегі концертіңіз сәтті өтсін!»

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар