сейсенбі, 30 қыркүйек, 2025 14:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қайрат" пен "Реал" матчынан кейін тегін автобустар жүреді

"Қайрат" пен "Реал" матчынан кейін тегін автобустар жүреді
Фото: gov.kz
Бүгін "Қайрат" пен "Реал" кездеседі.

Алматыда «Қайрат» (Алматы) және «Реал Мадрид» (Мадрид) командалары арасындағы футбол матчының жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін тегін автобустар жүреді, – деп хабарлайды қала әкімдігі.

Қала әкімдігінің дерегінше, тегін автобус маршруттары Орталық стадионнан матч аяқталғаннан кейін негізгі нүктелерге дейін жүреді. Барлығы 60 автобус жолға шығып, 6 нүктеге дейін қатынайды:

Орталық стадион – «Алматы Арена» (тақтайша – А1, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);

Орталық стадион – Райымбек/Алатау (тақтайша – А2, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);

Орталық стадион – «Алматы-1 вокзалы» т/ж (тақтайша – А3, жүретін орны – солтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);

Орталық стадион – Орбита ш/а (тақтайша – А4, жүретін орны – оңтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);

Орталық стадион –Жұлдыз ш/а (тақтайша – А5, жүретін орны – Шығыс бағыттағы Абай даңғылы);

Орталық стадион – әуежай (тақтайша – А6, жүретін орны – шығыс бағытта Абай даңғылы);

Сонымен қатар қала метросының жұмысы түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзартылады. «Байқоңыр» және «М.Әуезов атындағы театр» бекеттерінде матч өткізу кезінде жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау және сапалы қызмет көрсету үшін қызметкерлер саны күшейтіледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар