бейсенбі, 25 қыркүйек, 2025 19:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарттар үйінде тұратын қария қажылыққа жинаған қаржысын аналарға бөліп берді

Қарттар үйінде тұратын қария қажылыққа жинаған қаржысын аналарға бөліп берді
Фото: ҚМБД баспасөз қызметі
3,6 миллион теңгені 30 анаға тең бөлген.

Павлодарда 13 жылдан бері қарттар үйінде тұратын 94 жастағы Сағадат Жұмабаев қажылыққа бару үшін өмір бойы ақша жинаған екен. Алайда, соңғы сәтте сырқат бала тәрбиелеп отырған аналарға мейірім танытып, ақшасын 30 әйелге бөліп берген, деп жазады Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап. 

Биыл шілде айында қолындағы 3,6 млн теңгесін 30 анаға тең бөлген кезде әйелдердің әрқайсысына 120 мың теңгеден келген. «Қажылыққа барсам» деген арманының орнына сырқат баласы бар аналарға көмек берген қарияның бұл ізгі әрекеті көптің жүрегін елжіретіп, көзіне жас алдырды.

Қарияның қайырымды әрекеті туралы естіген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы демеушілердің көмегімен қасиетті қажылық сапарына жолдама сыйлаған екен.

«Ұмра сапарына аттанар алдында Сағадат Жұмабаев Бас мүфтиге ақ батасын беріп, шынайы ризашылығын білдірді. Бас мүфти дәстүр жолымен ақсақалдың иығына шапан жапты. 94 жастағы қарияның қасиетті сапары оңынан болғай», - деп хабарлайды Мүфтияттың баспасөз қызметі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар