Перизат Қайрат пен анасының қазіргі уақытта қайда отырғаны белгілі болды
- авторОймақ
- 24 қыркүйек, 2025
- 44

Бүгін Астана қаласының апелляциялық сатыдағы соты Перизат Қайраттың адвокаты мен оның анасы Ғайни Алашбаеваның апелляциялық шағымын қарайды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Сот отырысы басталар алдында журналистер мемлекеттік айыптаушыдан Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның қазіргі уақытта қайда екенін сұрады. Прокурор көмекшісі Индира Жұмағалидың айтуынша, олар қазір елордадағы пенитенциарлық мекемелердің бірінде отыр.
«Соңғы деректерім бойынша, қалада, осында. Астанада», – деді ол.
Сонымен қатар олардың мүліктері әлі тәркіленбеген.
«Оған арест қойылған. Ал тәркілеу процесі үкім заңды күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылады», – деді Индира Жұмағали.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.