бейсенбі, 25 қыркүйек, 2025 19:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Аула сыпырушылардың жалақысы өсті

Аула сыпырушылардың жалақысы өсті
ашық дереккөз
Алматыда санитарлық тазалау бойынша жаңа жүйе енді.

Алматыда қаланы санитарлық тазалау бойынша жаңа жүйе енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Енді әр ауданның тазалығы үшін көшелер, тротуарлар, арықтар, аялдамалар мен жасыл аймақтарды қоса қамтитын бір мердігер толық жауап береді. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.

Коммуналдық қызметкерлер саны екі есе артып, 3175 адамға жетті, олардың жалақысы 170 мыңнан 350 мың теңгеге дейін көтерілді. Тәулік бойғы үш ауысымдық жұмыс кестесі енгізіліп, 300-ден астам жаңа техника сатып алынуда.

«Бұрын бір көшеде бірнеше компания қатар жұмыс істеп, соның салдарынан түсініспеушіліктер туындайтын. Жаңа «фасадтан фасадқа дейін» қағидаты тәртіп пен үйлесімділікті жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Алмасхан Сматлаев.

Тексеру қорытындысы бойынша әкімдік қажетті ресурсы бар небәрі бес мердігермен ғана жұмысын жалғастырады, қалғандары ауыстырылады. Мұндай тәсіл қаладағы санитарлық жағдайды айтарлықтай жақсартып, тұрғындардың жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар