сейсенбі, 23 қыркүйек, 2025 19:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ризабек дүкенде жүк тасып жүр

Ризабек дүкенде жүк тасып жүр
Olympic.kz
Оның дүкенге зат тасып жүрген видеосы тарады.

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханның желідегі видеосы көпшілік арасында кеңінен тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Sportinside.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Видеодан Ризабек өзінің жездесіне көмектесіп, көкөніс сататын дүкенде жүк тасып жүргенін көруге болады. Жездесі де қалжыңдап "әлем чемпионы біздің дүкенде зат тасып жүр" деді.

Еске сала кетейік, Ризабек Айтмұхан жақында Загребте (Хорватия) өткен әлем чемпионатында бозкілемде тек бір ғана белдесу өткізді. Алғашқы айналымда ол Еуропа чемпионы Магомед Курбановпен жолықты. Бұл балуан виза мәселесіне байланысты әлем чемпионатына қатыса алмаған Абдулрашид Садулаевтың орнына шыққан болатын. Айтмұхан жақсы күрес көрсеткенімен, соңғы секундтарда ресейлік қарсыласы басымдыққа ие болып, қазақ балуанын жарыстан шеттетті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар