
Ұлттық ұланның жанындағы ата-аналар комитеті Астана қаласында орналасқан 6636 әскери бөлімін аралап, жауынгерлердің тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Әскери бөлімді аралауға келген аналардың арасында Петропавлдан келген әйелдер де болған. Бір қызығы, Ұлттық ұланның мәліметіне сенсек, әскердегі сарбаздар аналарының келе жатқанын білмеген көрінеді.
«Сарбаздардың аналары алдымен әскери бөлімнің тарихымен танысып, казарманы аралап көрген. Сарбаздардың киім-кешегі мен тамақтарын тексерген. Артынша балаларына тосынсый жасап, казармадағы ұлдарымен қауышқан», - деп хабарлайды Ұлттық ұлан.
Ұлы әскерде жүрген Махаббат Бақтыбаеваның айтуынша, баласын өз көзіммен көргеннен кейін көңілі орнына түскен.
«Әскери бөлімді және мұндағы сержанттар мен офицерлерді өз көзіммен көргеннен кейін балам үшін алаңдамайтын болдым. Себебі командирлердің балаларымызға қатаң талап қоя отырып, оларға адами қарым-қатынаспен қарай білетініне көзім жетті. Ұлымды көріп, оның бойындағы оң өзгерістерді де байқадым. Осының бәрі әскери қызметтің нәтижесі», – деді сарбаздың анасы Махаббат Бактибаева.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.