Шымкентте сауда орталығындағы өрт кезінде ер адам терезеден шығып кеткен
- авторОймақ
- Бүгін, 10:36
- 10

Мира Мирзашова өрттің қатты болғанын және ағасы түтіннен ешнәрсе көре алмағанын айтады.
"Бұл – менің туған ағам. Ол ештеңе көрінбегенін айтады. Спортзал ішінде жаттығумен айналысып жүрген, осы жақта терезе барын есінде сақтап, көзі жұмулы күйде терезені ашып, сыртқа шыққан. Қазір ауруханада жатыр, жағдайы жақсы", – деді оқырман ағасы туралы.
Видеодан да ер адамды өрт сөндірушілер сауда орталығының терезесіне баспалдақты қойып, құтқарып жатқаны көрсетіледі. Сонымен қатар оқиға орнына жиналғандардан "көтер, шығар" деген дауыстарды естуге болады.
Шымкенттегі төтенше жағдайлар департаменті өрттің толық сөндірілігенгін мәлімдеді.
"12:57-де Шымкенттегі Төлеметова көшесінде орналасқан "Buy-park" сауда орталығында өрт бойынша хабарлама түсті. Төтенше жағдайлар департаменті келген уақытта орталықтың шатырынан қара-қою түтін шығып жатқан. Өрт 13:53-те толық сөндірілді. Өртке департамент тарапынан 24 бірлік техника мен 80 адамнан тұратын жеке құрам жұмылдырылды. Өрттің ошағы ойын-сауық орталығының 2-қабатындағы киім-кешек дүкенінен шыққан. Енді шығу себебі анықталып жатыр", – деп жауап берді төтенше жағдайлар департаменті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.