
Алдын ала алынған мәліметтерге сәйкес 44 жастағы ер адам күдіктімен танысу сайты арқылы танысып, оның үйіне барған.
Бөлмеде ол әйелдің интимдік жерлеріне қол тигізген. Осыны сылтауратқан әйел полицияға "зорлау" фактісі бойынша арыз түсіремін деп қорқытып, одан 400 мың теңге талап еткен. Жалған айыптаудан қорыққан ер адам сұралған соманы беріп қойған. Алайда күдікті алған ақшаны қанағат тұтпай, тағы 250 мың теңге талап еткен. Ер адам танысынан қарызға ақша алып, 150 мың теңгені қолма-қол берген. Бірақ әйел мұнымен де шектелмей, қосымша 200 мың теңгені белгілі бір мерзімде әкелуді міндеттеген. Аталған дерек бойынша "Бопсалаушылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.