"Реал Мадридті" жеңсе, "Қайраттың" әр ойыншысына көлік сыйлаймын": Тұрсын Алагөзов күтпеген мәлімдеме жасады
- авторОймақ
- Бүгін, 11:08
- 11

Алматы күні қарсаңында қазақстандық кәсіпкер, продюсер Баян Алагөзованың жұбайы Тұрсын Алагөзов күтпеген мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол «Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридті» тізе бүктірсе, алаңға шыққан әр ойыншыға автокөлік сыйлайтынын жария етті.
Кәсіпкердің айтуынша, бұл кездесу жай ғана спорттық матч емес, ел үшін маңызды сәт болмақ.
– «Қымбатты қазақстандықтар, бүгін – Алматы күні. Біз бәріміз патриотпыз. 10 күннен кейін сүйікті командамыз «Қайрат» пен әлемнің әйгілі клубы «Реал Мадрид» арасында ойын өтеді. Мен республика патриоты ретінде және туған күнім қарсаңында уәде беремін: егер «Қайрат» жеңіске жетсе, алаңға шыққан әр футболшыға көлік сыйлаймын. Алматы – бейбітшілік астанасы, «Қайрат» – чемпион!», – деді ол.
Алагөзовтің бұл сөзі желіде бірден қызу талқыға түсті. Бірі кәсіпкердің батылдығын қолдаса, енді бірі «орындалмас уәде» деп қабылдап, күмәнмен қарады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.