сәрсенбі, 3 қыркүйек, 2025 23:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс депутаттары палатаның бүгінгі жалпы отырысында жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz  

Мәжілістің тиісті комитеттері мынадай жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады:

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сайлауды жетілдіру мәселелері жөніндегі ілеспе түзетулер;

2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы;

республикалық   және  облыстық   бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар,  астана  бюджеттері   арасындағы  2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы;

Цифрлық кодекс жобасы мен оған ілеспе түзетулер;

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілетін түзетулер;

Қырғызстанмен және Мароккомен бірқатар халықаралық шартты ратификациялау туралы заң жобалары.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар