жұма, 22 қараша, 2024 1:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астана іргесіндегі үш елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр

Астана іргесіндегі үш елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр
фото ашық дереккөздерден алынды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында Астана іргесіндегі үш елді мекенге Нұра өзенінен тасқын қаупі төніп тұрғанын баяндады.

Қосшы мен Тайтөбеге тасқын қаупі төніп тұр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында Астана іргесіндегі үш елді мекенге Нұра өзенінен тасқын қаупі төніп тұрғанын баяндады.

«Астана су қоймасына 26-30 наурыз аралығында 150 млн текше метр су түсті. Яғни, су орташа көп жылдық түсімнен едәуір асып түсті. Астана су қоймасынан судың төгілуін болдырмау үшін 29 наурызда Есіл өзенінің арнасын жуу үшін төменгі бьефке су жіберілді. Қарағанды облысында орналасқан Самарқанд су қоймасы бүгінгі таңда 100% толған.. Ұлытау облысында орналасқан Шерубай–Нұра су қоймалары бүгінгі таңда 96% толған. Самарқанд және Шерубай–Нұра су қоймаларынан тасталған және төмен жағынан қосылатын бүйірлік ағындарын есепдегенде Нұра өзені арқылы Преображенск су торабына шамамен 4 сәуір айына 2500 м3/сек су ағыны күтілуде. Өз кезегінде Қошқарбаев, Қосшы, Тайтөбе елді менкендерін су басу қаупі төніп тұр. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар тиісті шараларды қамтамасыз ету керек», - деді министр.

Ведомство басшысы Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасына толған суды Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының аумағында орналасқан Телікөл көліне жіберіліп жатқанын айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар