сейсенбі, 26 тамыз, 2025 18:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы әуежайында өзін өртеген ер адамның тағы бір видеосы жарияланды

Алматы әуежайында өзін өртеген ер адамның тағы бір видеосы жарияланды
фото: скрин
Қазір ер адам ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы әуежайында өзін өртеген ер адамның тағы бір видеосы жарияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Nur Ai & Co әуе турагенттігінің басшысы Гүлмира Сәдуақасова Facebook парақшасында оқиғаның мән-жайын баяндап, ер адамның өзін өртегенге дейінгі әрекеті түсірілген видеоны көрсетті.

"Телефон арқылы біреуге қоңырау шалды, рейске үлгермегенін айтты да, өзіне бензин құя бастады. Біздің қызметкер сыртқа шығуға сұранып, кетіп қалды. Ал, ер адам өзін өртеуге кірісті. Ксения есімді батыл қызметкеріміз паникаға берілмей, тез әрі нақты әрекет ете білді", – деп жазды Садвакасова.

Сонымен қатар Садвакасова әлеуметтік желідегі ер адамның билетін ауыстыруды сұрады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Ол тек телефон сұрады, қызметкеріміз жұмыс телефонымызды берді, біреуге қоңырау шалды. Біз оны танымаймыз, тек клиент. Қызметкермен ешқандай дау болмады", – деді Гүлмира Садвакасова.

Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі төтенше оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың мәліметінше, ер адамның әрекетінің себебі жеке өміріндегі келеңсіз жайттар – азаматтық әйелімен жанжал болды деп болжануда.

"Оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады", – деді мамандар.

Қазір ер адам ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Әнге айналған ғұмыр
Алдыңғы мақала
Әнге айналған ғұмыр

Ұқсас жаңалықтар