жексенбі, 17 тамыз, 2025 2:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әліби Ыдырыс Чикагода UFC келісімшарты үшін жекпе-жек өткізеді

Әліби Ыдырыс Чикагода UFC келісімшарты үшін жекпе-жек өткізеді
Фото: sport.kz
Жексенбі, 17 тамызда таңертең қазақстандық жауынгер Әліби Ыдырыс (10-0) UFC келісімшарты үшін кезекті айқасын өткізеді.

The Ultimate Fighter финалдық шоуы аясында Әліби америкалық файтер Джозеф Моралеспен (12-2) шеберлік байқасады. Жекпе-жек Чикагода (АҚШ, Иллинойс штаты) UFC 319 турнирінде өтеді.

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық жауынгерлер тарихта бірде-бір мәрте TUF жеңімпазы болған емес.

UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хамзат Чимаев (14-0) Біріккен Араб Әмірлігінің атынан сынға түсетін Оңтүстік Африка спортшысы Дрикус Дю Плессимен (23-2) кездеседі. 

Оңтүстікафрикалық файтер орта салмақтағы UFC чемпионы атағын жеңіп алған. Алдағы жекпе-жекте белбеуін қорғауына мүмкіндік бар. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар