сенбі, 16 тамыз, 2025 16:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуіне қатысты пікір білдірді

Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуіне қатысты пікір білдірді
Фото: BAQ.kz
Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұлтарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды, - деп жазды Руслан Желдібай желідегі жазбасында.

Айтуынша, олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті.

Еске салайық, Путин мен Трамптыңшағын форматтағы келіссөздері өтті.

Ал өз кезегінде Владимир Зеленскийкездесуден не күтетінін жеткізді. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп Путинмен кездесуінен кейін Fox News арнасына сұхбат беріп, келіссөздерді "ондыққа татитын" деп бағалады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар