Полицейлер су тасқынына байланысты жұмыстар кезінде төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерін пышақпен жарақаттаған Казталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Дерек бойынша, соталды тергеу басталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы құтқарушының Қазталов ауданындағы ауруханада жатқанын хабарлады. Ол 31 наурызда сағат 18:00-де медициналық көмекке жүгінген. Ол арқасынан жарақат алған.
"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Оған қажетті ем қабылданып жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ақтөбе облысында 757 үйді су басқан
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024