жексенбі, 27 шілде, 2025 8:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шекара маңында жер сілкінісі болды

Шекара маңында жер сілкінісі болды
Фото: gov.kz
Қырғызстандық сейсмологтар Қазақстанмен шекаралас маңда жер сілкінісі болғанын мәлімдеді

25 шілдеге қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 02:40-та Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы маңында жер сілкінісі тіркелді.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында, Жалал-Абад қаласынан солтүстік-батысқа қарай 38 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпулері бірнеше елді мекенде сезілген. Массы қаласы мен Қара-Бұлақ ауылында сілкініс шамамен 4 баллды, Кочкор-Ата мен Гелеген ауылында 3,5 баллды, ал Майлуу-Суу қаласында шамамен 3 баллды құраған, - деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі уақытта қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілуі тіркелмеді.

Еске салайық, бұған дейін Алакөл маңында жер сілкінісі болды.  

23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді. Сондай-ақ, Өскемендегі жер сілкінісі кезінде сиреналар кеш қосылды. 

Төтенше жағдайдан кейін ШҚО-да жедел штаб құрылып, "жедел желі" жұмысын бастады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар