бейсенбі, 17 шілде, 2025 1:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Екі банк Перизат Қайраттың қорына 1 миллиард теңге аударған

Екі банк Перизат Қайраттың қорына 1 миллиард теңге аударған
фото: ашық дереккөз
Ол ақшаның «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорына қалай аударылғанын айтып берді.

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот өтіп жатыр. Бүгінгі сот отырысында Kaspi Bank-тің заңгері Айдар Ксенбаевтан жауап алынды. Ол ақшаның «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорына қалай аударылғанын айтып берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2024 жылғы сәуір айында банкке Перизат Қайраттан екі хат түскен. Алғашқы хатында 120 миллион теңге, ал үш күннен кейінгі екінші хатында тағы 500 миллион теңге аударуды сұраған.

«Хаттарды қарағаннан кейін біз «Biz Birgemiz» қоғамдық бірлестігінің банктік шотына 620 миллион теңге аудару арқылы көмек көрсеттік. Ақша банктік шотқа аударылды. 2024 жылғы 1 шілдеде Перизаттан алғыс хат келді. Хатта қаражаттың көп бөлігі қайықтар, генераторлар, қаптар және тағы басқа заттарды сатып алуға жұмсалғаны айтылған. Қалған қаражат азық-түлік пен көлік қызметтеріне кеткен. Алайда қазіргі таңда бұл қаражаттың азаматтарға жетпей, қор басшысы ұрлағаны анықталды. Қазіргі уақытта банкке 620 миллион теңге көлемінде залал келген», – деді куәгер.

Айта кетейік, кеше өткен сот отырысында тағы бір банктің өкілі банктің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорына 300 миллион теңге аударғанын мәлімдеді.

Осылайша, отандық екі банк Перизат Қайраттың қорына жалпы көлемі шамамен 1 миллиард теңге аударған. Бұл қайырымдылық көмегі тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға жәрдем беру үшін жасалған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар