
15 шілдеде Ақтөбеде әскери оқу орнының курсанты көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға туралы ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының баспасөз қызметі хабарлады.
«Жоспарлы оқу-жаттығу парашютпен секіру кезінде Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанты өмірге сәйкес келмейтін жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметшінің парашюты секіру кезінде ашылмай қалған, бұл қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін», – деп хабарлады ведомстводан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Әскери институт пен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза болған курсанттың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.
9 шілдеде Астанада Астанадағы әскери авиация базасының аумағында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан әскери қызметшінің зардап шеккені белгілі болды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.