Терапевт Ксения Кирилина: Қақ жиналған шәйнектен су ішуге болмайды
- авторОймақ
- 14 шілде, 2025
- 44

Терапевт Ксения Кирилина қақ жиналған шәйнектегі су таза емес екенін ескертті.
"Әкті қақ жаман көрінеді және мұндай шәйнекте қайнаған су таза секілді көрінбейді. Су қаншалықты қатты болса, қақ соншалықты жылдам түзіледі. Ол суда еріген магний және кальций тұздарынан тұрады. Суды қосымша тазартсаңыз да, оның құрамында бәрібір тұздардың бөлігі қалады", - дейді дәрігер.
Дәрігер ішіне қақ жиналған шәйнектен су ішуге және одан шай демдеуге болмайтынын ескертті. Ол мынадай салдарларға әкелуі мүмкін:
Ағзада тұздардың көп жиналуы;
Қан тамырлардың бітеліп қалуы;
Бүйректе, өтте және қуықта тас пайда болуы;
Буындар ауыруы.
"Бұл жағдайдан шығудың амалы бар: шәйнектерді, табаларды және қақ жиналатын басқа да ыдыстарды арнайы тұрмыстық химиямен, лимон қышқылы немесе сірке суымен уақытылы тазартып тұру керек. Ыдысты тазартып болған соң оны бір қайнатып алған дұрыс", - деп кеңес берді Ксения Кирилина.
Терапевт Иван Носков та мұндай шәйнектен су ішу денсаулыққа зиян екенін айтты.
"Қағы бар суды бір рет, сирек немесе кездейсоқ ішіп қойсаңыз және қақ бөлігі ағзаға түсіп кетсе, ода тұрған ештеңе жоқ. Бірақ мұндай суды ұзақ уақыт бойы және үнемі ішетін болсаңыз, бұл жалпы денсаулығыңызға жағымсыз әсер етуі мүмкін", - дейді ол.
Қақтың жалпы ағзаға жағымсыз әсерінің бірнеше мысалы:
Тері жағдайының нашарлауы. Ванна, душқа түсетін кабиналар бетіндегі қақ тері тітіркенуі мен құрғақтығын тудыруы мүмкін.
Асқорыту проблемалары. Адам шөлін қандыру үшін қағы бар суды көп ішуі мүмкін, бірақ бұл кезде минералды тұздарды тұтыну нормадан асып кетеді. Бұл түрлі іш қату және қоректік заттардың дұрыс сіңбеуі секілді асқорыту проблемаларына әкелі мүмкін.
Қуық проблемасы. Судағы қақ адам ағзасына жиналуы да мүмкін. Бұл қуықта және бүйректе тас түзілуіне әкелуі мүмкін.
Жүрек-қан тамырлар проблемасы. Қақтағы кальцийдің көп мөлшері артериялар ішінде түйіншектер пайда болуына әкеледі, ал ол өз кезегінде атеросклероз секілді жүрек ауруларын тудыруы мүмкін.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.