
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі де жоғалған жігіттің денесі табылғанын растады.
Алматы маңындағы тауларда жоғалып кеткен жігіттің қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі Lider.kz еріктілер тобына сілтеме жасап.
«Қаза тапты. Табылды. Марқұмның туған-туыстарына қайғымызды білдіреміз», – делінген еріктілер жариялаған хабарламада.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі де жоғалған жігіттің денесі табылғанын растады.
«Денеден зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген департаменттің мәлімдемесінде.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала