сейсенбі, 8 шілде, 2025 14:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мен есімімді ешқашан өзгерткен емеспін –Дінзухра Тілендиева

Мен есімімді ешқашан өзгерткен емеспін –Дінзухра Тілендиева
фото: ашық дереккөз
"Балалық шағымда Дін­­мұхамед Қонаев мен үшін таудай тұлға болды".

Дінзухра Тілендиева "айқын" газетіне берген сұхбатында өзінің екі есімі бар екенін айтты.

"Көзі тірісінде әкем мен Ди­маш аға екеуі бір-бірімен аға-іні ретінде сыйласып, жақсы қарым-қатынаста болды. Иә, мен бала кезімнен Димаш ағаны көріп өстім. Біз Карл Маркс және Киров, яғни қазіргі Д.Қонаев және Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында тұрсақ, Димаш аға­мыз­дың шаңырағы қазіргі Төле­баев көшесінің бойында орналас­ты. Сол кездері ағам Данияр екеуміз субұрқақтың қасынан өтіп, Димаш ағаның үйіне барушы едік. Ол бізге сағыз бен неше түрлі тәттілерін, өзінің шетелден алып келген сыйлықтарын беріп жібе­ретін. Расында әке-шешем Қона­ев атамыздың әулетін қатты сый­лады. Балалық шағымда Дін­­мұхамед Қонаев мен үшін таудай тұлға болды. 

Мен дүние есігін ашқанда әкем Димаш ағаның үйіне барып: «Сүйінші, отбасымызда қыз бала өмірге келді, қызыма сіздің есі­міңізді беруге рұқсат беріңіз», – дейді. Сол оқиғадан кейін есімім Дінзухра деп аталды. Алайда жеке куәлікте есімім Динара деп көрсетілген. Өйткені мен дүниеге келгенде әкем ат қойып үлгере алмағандықтан, анам өзі қалаған есімін берген екен. Кейіннен жеке куәлігімді алған уақытта анам маған: «Динара, үлкен тұлғаның есімін алып жүру оңай емес. Бірақ сен сахнада Дінзухра боласың. Екінші есімің Дінзухра болып қала береді», – деп түсін­дірді. Кейде әлеуметтік желідегі оқырмандар «Есімі Дінзухра еді ғой, неге Динара деген атқа ауы­сып кетті?» деп сұрап жатады. Мен есімімді ешқашан өзгерткен емеспін"..

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар