сейсенбі, 8 шілде, 2025 14:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Колобок" ұлды болатынын айтып, елді хабардар етті

"Колобок" ұлды болатынын айтып, елді хабардар етті
әлеуметтік желі
Блогердің қуанышына ортақтасып жатқан жандар көп.

Әзілкеш, асаба, қалың көпшілікке «Колобок» деген лақап атпен танымал Елдос Кәдірханов қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Блогер шаңырақ көтергеніне 10 жылдан асса да, сәби сүйе алмай жүрген еді. Сол арманы орындалып, ол гендер-пати жасады.

Сүйінші, қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз, - деп жазды ол.

Видео кадрларынан блогердің ұлды болатынын байқауға болады. Желіге салынғанына үш сағат толмаса да аталмыш пост 600 мың астам адам лайк басып үлгерген.

Ол биыл қыста Түркияда бедеулікке қарсы операция жасаған болатын.

Түркияда ота 20-30 минут қана жасалатын. Ал Астанада ота 3,5 сағат жасалды. Дәрігерлер үмітін үзіп жатқан екен. Хирургтың айтуынша, ең маңызды тұсы бітеліп қалған екен. Ота жасаған дәрігер дәл сол тұсты кесетін әдісті қолданбайтынбыз, оны ұмытып кеткенбіз дейді. Сол әдіске қажетті бір құралын қасындағы көмекшілерінен сұраса, оны тіпті дайындамаған да екен. Соны әкелгеннен кейін жаңағы жабысып тұрған жерді кесіп жібергенде бір дауыс шығып, артынша бұлақ болып ақты дейді. Соны алып, эмбриологқа бергенде ішінде жыбырлап жүргендерін көрген. Ондай менде мүлдем болмаған,- деген еді блогер.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар