Президент бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды
- авторОймақ
- Бүгін, 10:14
- 23

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Бет жабатын киімді тек мынадай жағдайларда киюге рұқсат етіледі:
заң талаптарын орындау кезінде;
қызметтік міндеттерге байланысты;
медициналық көрсеткіштер бойынша;
қолайсыз ауа райынан қорғану үшін;
азаматтық қорғаныс мақсатында;
спорттық немесе мәдени іс-шараларға қатысушылар үшін бетті жабуға рұқсат етіледі.
Бұл талаптар «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға енгізілген өзгерістер аясында бекітілді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.