
Әлеуметтік желіде Elmira Rooelnur есімді қолданушының жазбасы көп лайк жинап жатыр. Ол көшеден бауырын әскери бөлімшеге алып кеткені туралы жазған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
- Менің інім, Нұрсұлтан Табынбайды түнде көшеде жүрген жерінен ешқандай шақырту қағазсыз ұстап, белгісіз жаққа алып кеткен. Інім ресми түрде Назарбаев университетіне қабылданған. Foundation бағдарламасын аяқтап, оқу ақысын төлеп, ресми шақырту алған. Бұл – елдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі. Онда тек білімі мен еңбегі арқылы ғана оқуға түсуге болады. Біз оның қайда екенін білмедік. Әскери комиссариат та, әскери полиция мен прокуратура да ақпарат бермеді. Олар біздің қоңырауларымызға жауап бермеді. Тек ондаған қоңыраулардан кейін, қорқытып-үркіткен соң ғана қандай да бір жауап ала бастадық, - дейді желі қолданушысы.
Оның айтуынша, бұрын оны әскерге шақырмаған. Інісі Назарбаев университетінде енді 2025-2026 жылғы оқу жылынан бастап, оқуы тиіс екен.
Еске салсақ, соңғы кездері осындай оқиғалар көбейді. Бұған дейін журналист Бақытгүл Салидың Түркияның Болу қаласында оқитын ұлы Әлішер Елікбайды түнгі уақытта Астанадағы көшелердің бірінен ұстап әкеткенін жазған едік.
Ал Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдинов әскерге мәжбүрлі түрде шақыру фактілерін растаған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Нариман Құрбанов алтын медаль жеңіп алды
Ұқсас жаңалықтар
Ректор оңт.стік өңірден келген мұғалімдерді "жемқор" деп жұмыстан қуған
- авторОймақ
- 7 маусым, 2025