Ректор оңт.стік өңірден келген мұғалімдерді "жемқор" деп жұмыстан қуған
- авторОймақ
- Бүгін, 09:21
- 59

Ашылғанына бір жыл болған Тараздағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ректоры қол астындағы оқытушыларды «Оңтүстік өңірден» болғаны үшін қуған деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Еуразия арнасының жаңалықтар қызметінің мәліметінше, президенттің тапсырмасынан кейін былтыр Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті екіге бөлінген. Жергілікті оқу орнының базасынан Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті енші алып шықты. Сәйкесінше, ұстаздар да екі жаққа бөлінді. Алайда жаңадан құрылған оқу орнының қызметкерлері тиісті еңбек демалыстарына шыға алмай қалған. Ал еңбек келісімшарты алты айда төрт рет өзгерген. Осы аралықта басшылық құрам отызға жуық адамды жұмыстан шығарып жіберген.
Оқытушылардың айтуынша, ректор «Оңтүстіктікілер» топас, жемқор. Сендермен қалай жұмыс істеймін? Мен солтүстіктен мамандарды алдыртуға мәжбүрмін” деп олардың жер-жебіріне жеткен.
Ашылғанына бір жыл болған Тараздағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ректоры қол астындағы оқытушыларды «Оңтүстік өңірден» болғаны үшін қуған деп хабарлайды Qaz365.kz.
Еуразия арнасының жаңалықтар қызметінің мәліметінше, президенттің тапсырмасынан кейін былтыр Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті екіге бөлінген. Жергілікті оқу орнының базасынан Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті енші алып шықты. Сәйкесінше, ұстаздар да екі жаққа бөлінді. Алайда жаңадан құрылған оқу орнының қызметкерлері тиісті еңбек демалыстарына шыға алмай қалған. Ал еңбек келісімшарты алты айда төрт рет өзгерген. Осы аралықта басшылық құрам отызға жуық адамды жұмыстан шығарып жіберген.
Оқытушылардың айтуынша, ректор «Оңтүстіктікілер» топас, жемқор. Сендермен қалай жұмыс істеймін? Мен солтүстіктен мамандарды алдыртуға мәжбүрмін” деп олардың жер-жебіріне жеткен.
Ректор мен оқытушылар арасындағы жанжалдан хабардар болған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жағдайтын мән-жайын анықтады. Айтуынша, ректор әзірге қызметінен шеттетілмейтін көрінеді. Өйткені бұл бір министр ғана емес, бүкіл Үкіметпен қаралып, қабылданатын шешім екен.
Меніңше, бұл коммуникацияның дұрыс болмауы. Оны тез арада түзеу керек. Мен өзім міндеттеме алдым. Енді бірнеше рет десантпен келеміз. Бүкіл ішкі мәселелерді шешеміз. Мықты орынбасарларды береміз, – дейді Саясат Нұрбек.
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің материалдық базасын нығайту үшін 5 жарым миллиард қажет. Сондықтан биыл бюджеттен 3 жарым миллиард қаржы бөлініп, ішкі мәселелер ретке келтірілмек.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам
- авторОймақ
- 6 маусым, 2025