NIS пен Павлодар педагогикалық университеті мұғалімдерді даярлау бағдарламасын іске асыруда
- авторОймақ
- Бүгін, 15:03
- 44

Жобаның ерекшелігі – бағдарламаның Кембридж университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру моделі (PGCE) негізінде терең талдау жасай отырып әзірленгенінде. Курстың мазмұнын әзірлеу барысында авторлар Кембридж университетінің Білім беру факультеті сарапшыларының жетекшілігімен арнайы даярлықтан өтті.
Бағдарлама Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетімен бірлесіп, ерекше 3+2 форматында жүзеге асуда. Курстардың алғашқы күндерінен бастап қатысушылар мектеп ортасына еніп, аптасына үш күн сертификатталған жаттықтырушылардан теориялық дайындықтан өтеді, ал қалған екі күнін мектептерде тәжірибе жинақтауға арнайды. Практика кезеңінде білім ордасындағы тәжірибелі мұғалімдер қатысушыларға менторлық қолдау көрсетеді.
Қазіргі таңда курстарда 40 адам білім алуда. Мамыр айының ортасына қарай Қазақстанда 15 математика мұғалімі, 8 ағылшын тілі мұғалімі, 7 бастауыш сынып мұғалімі, 6 педагог-ассистент және 4 дефектолог-логопед маманы дайын болады.
Бағдарламаға жоғары педагогикалық білімі жоқ, қатаң конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан азаматтары қатыса алады. Қатысу үшін өтініштер beyim.edu.kz/pgce сайтында қабылданады.
– Бұл бастама кадр тапшылығын азайтуға бағытталған. Біз өңірлермен ынтымақтастық орнатып, білім беру ұйымдарына мұғалімдердің жетіспеушілігін шешуде қолдау көрсетуге дайынбыз. Қайта даярлау бағдарламасы – көптеген азаматтарға педагогикалық мансап жолын бастап, өз өңірінің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Біз бұл жобаны тек білім беру жобасы ғана емес, маңызды әлеуметтік миссия ретінде қарастырамыз, – дейді NIS Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Толқын Айдосова.
Бағдарлама қатысушыларға кәсіби білім ғана емес, жаңа форматтағы мектептерде сұранысқа ие заманауи оқыту тәсілдерін де меңгеруге жол ашады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бастауыш білім беру жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды
- авторОймақ
- 25 сәуір, 2025