дүйсенбі, 27 қазан, 2025 14:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Емделіп жатқан сотталушы ауруханадан кетіп қалған

Емделіп жатқан сотталушы ауруханадан кетіп қалған
istockphoto.com
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары арқасында ер адамды ұстады.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адамды ұстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ер адам өз танысының үйінде ұсталды. Ол бұған дейін медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушы болып шықты. Қазір ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Ведомство өкілдері бұл жағдай департамент бастығының жеке бақылауында екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, оқиға 23 қазанда болған. Емделіп жатқан сотталушы ауруханадан өз бетінше кетіп қалған. Оны іздеу үшін полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Бақылау бекеттері қойылып, қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар