Ерекше қажеттілігі бар адамдар теміржол билеттерін 50 пайыз жеңілдікпен сатып алады
- авторОймақ
- 19 наурыз, 2025
- 52

Ерекше қажеттілігі бар жандарды алып жүретін адамдар теміржол билеттерін 50% жеңілдікпен сатып ала алады.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.
“Еліміздің көлік ведомствосы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарды, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды алып жүретін жандардың жол жүру құнына 50% жеңілдік беру ұсынылып отыр (теміржол билеті). Сонымен қатар олардан пойызға міну кезінде медициналық мекемелерден алынатын анықтамалар мен құжаттарды көрсету талап етілмейді. Қазіргі уақытта бұл өзгерістер мақұлдау сатысында тұр”, – делінген министрлік хабарламасында.
Ережелерді 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енгізу жоспарланған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.