
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынымдары негізінде Әділет министрлігі таяуда лицензияларды қайта рәсімдеу мерзімін 3 жұмыс күнінен 20 минутқа дейін қысқартып, толығымен автоматтандыру процесін жүзеге асырды.
Бұрын адвокаттар, нотариустар, сот сарапшылары мен жеке сот орындаушылары бұл қызметті алу үшін бірнеше күн күтуге мәжбүр болса, енді өтініш автоматты түрде өңделіп, дайын құжат қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Агенттіктің ұсынымдары аясында бұл процестер толық автоматтандырылып, ақпараттық жүйелер интеграцияланды. Соның нәтижесінде қағазбастылық жойылып, бұрын талап етілетін қосымша құжаттарды ұсыну қажеттілігі алынып тасталды. Аты-жөнін өзгерткен тұлғалар туралы мәліметтер автоматты түрде тексеріліп, нәтиже қызметкерлердің араласуынсыз беріледі. Осылайша, лицензияларды қайта рәсімдеу уақыты 98,6%-ға қысқарып, қызмет көрсету процесі айтарлықтай жеңілдетілді.
Қызмет алу процесіндегі бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге бағытталған Кешенді жоспар аясында жүзеге асырылып отыр. Жоспарда 492 шара қарастырылып, оның ішінде 141 қызметті толық электрондық форматқа көшіру, ал 82 қызметті автоматтандыру көзделген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.