ҚМДБ Сарыағаштағы медресенің бас ұстазының аяғын шәкірттері уқалаған видеоға қатысты мәлімдеме жасады
- авторОймақ
- 13 наурыз, 2025
- 53

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сарыағаштағы медресенің бас ұстазының аяғын шәкірттері уқалаған видеоға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік парақшасында жазды.
Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз, - делінген ҚМДБ хабарламасында.
Айта кетейік, аталған жағдай Әбішұлы Сатыбалды мешітінде болған. Сарыағаш медресе-колледжінің құрылтайшысы Әбжаппар Сманов таң намазында шәкірттерге насихат айтқан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Оқушылар бір мезгілде күй тартып, мерекелік челлендж ұйымдастырады
- авторОймақ
- 14 наурыз, 2025