сәрсенбі, 12 наурыз, 2025 23:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сенатта жасөспірім қыздардың құқықтарын қорғау және ерте жүктіліктің алдын алу шаралары талқыланды

Сенатта жасөспірім қыздардың құқықтарын қорғау және ерте жүктіліктің алдын алу шаралары талқыланды
фото сенат
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Жасөспірім қыздардың құқығын қорғау, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.

 

 

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп өз сөзінде жасөспірім қыздардың жүктілігі проблемасы кешенді тәсілді талап ететін құқықтық және әлеуметтік өткір мәселе екенін атап өтті. Оның айтуынша, ерте ана болу жас аналар мен олардың балаларының денсаулығына кері әсерін тигізеді, білім алу мен толыққанды даму мүмкіндіктерін шектейді.

«Біздің дөңгелек үстел жасөспірім қыздардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде атқарылған және алдағы жұмыстарды талқылауға бағытталған. Профилактикалық шараларды күшейту, жастардың хабардарлық деңгейін арттыру, жасөспірімдерге дәрігерлік және психологиялық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту басым міндеттердің қатарына жатады. Мекемеаралық өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін әзірлеу де маңызды. Ол осы мәселені кешенді тәсілмен шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Отырыс барысында репродуктивті денсаулық бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мәселелері, жасөспірімдер жүктілігінің алдын алудағы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі, сондай-ақ жасөспірім қыздарды қолдау үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі шаралар талқыланды.

Қатысушылар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл бағытта тек мемлекеттік құрылымдар ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы және халықаралық әріптестер де ерекше рөл атқарады.

Қатысушылар дөңгелек үстелді қорытындылай келіп, заң ережелерін жетілдіру, ағартушылық бастамаларды дамыту және өмірде қиын жағдайға тап болған жасөспірімдерді қолдау жүйесін кеңейту жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар