сәрсенбі, 12 наурыз, 2025 22:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ата-аналар баласының TikTok-та отыру уақытын басқара алады

Ата-аналар баласының TikTok-та отыру уақытын басқара алады
Ал түнгі уақытта пуш-хабарламалар жіберілмейді.

TikTok-та жасөспірімдердің қолдану уақытын шектеу және ата-аналарға бақылау мүмкіндігін арттыру үшін жаңа функциялар пайда болады. Атап айтқанда "Отбасылық баптаулар" бөлімінде "Демалыс" функциясы іске қосылады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz  informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Сол арқылы ата-ана баласының TikTok қарау уақытын басқара алады. Сондай-ақ, баласының кімдерді қарап жүргенін, кімді бұғаттағанын және парақшасына кімдердің жазылғанын да бақылай алады.

Сонымен қатар TikTok сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдерге арнайы ескерту жүйесін енгізеді. Егер бала ескертуден кейін де қосымшаны қолдана берсе, толық экранды хабарлама пайда болады. Ал түнгі уақытта пуш-хабарламалар жіберілмейді.

Қазір TikTok ата-аналарға арналған 15-тен астам қауіпсіздік параметрлерін ұсынып отыр, оның ішінде экран уақытын шектеу және жасөспірімнің аккаунтын жекеге ауыстыру мүмкіндігі бар.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар