
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
“Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады.Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі. Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктес мемлекеттерге ризашылық білдірді”, – деп жазды ол Facebook- тегі парақшасында.
Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналғалы отыр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала
Fly Arystan ұшағында 20 жастағы студентті құтқарып қалды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Берденовке жасалған қастандық: тергеу екі бап бойынша жүргізіліп жатыр
- авторОймақ
- 2 мамыр, 2025