дүйсенбі, 10 наурыз, 2025 23:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

18 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды — ҰҚҚ

18 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды — ҰҚҚ
фото ашық дереккөздерден алынды
18 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды — ҰҚҚ

Аталған факт бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Бұл туралы ҰҚҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы ақпанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 3 216 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталды. 

Соның ішінде:18 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
8 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 552 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде: 33 — есірткі заттары, сондай-ақ 800 литр прекурсор; 71 — қарулар мен оқ-дәрілер (4 дана ату, 1 дана сигналдық, 135 дана суық қарулары, 1 дана граната, 50 дана оқ-дәрілер, 13 дана электрошокерлер); 29 — діни әдебиет (555 дана); 638 — жалпы сомасы 20 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (54 000 литрден астам); 627 — жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары; 154 — жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам шетел валютасы. 

Сондай-ақ Каспий акваториясында 7 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ: 4 дана жүзу құралдары; жалпы ұзындығы 13,6 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары; 87 дана (522,3 кг) бекіре тұқымдас балықтар; алды алынған залал сомасы 205 млн теңгені құрайды. 

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар